1.1. «Пользователь» — любое правоспособное и дееспособное физическое лицо, чья деятельность или обучение связаны со сферой образования, включая педагогических работников всех уровней образования, научных сотрудников, методистов, административный персонал, а также иных лиц, применяющих инструменты искусственного интеллекта в учебной, преподавательской и исследовательской деятельности, являющееся работником или представителем организации образования или Astana Hub и получившее доступ к Платформе с предоставлением согласия на использование, регистрацию, сбор, хранение и обработку своих персональных данных в программе для ЭВМ (интернет-ресурсе), а также на их передачу ТОО «BMG UpSkill» третьим лицам.
1.2. «Администратор» — уполномоченное лицо, действующее от имени образовательной и/или научной организации либо Astana Hub, в которой Пользователь осуществляет свою деятельность, осуществляющее регистрацию учетных записей Пользователей, указанных в п. 1.1. настоящего Соглашения.
1.3. «Регистрация» — создание учетной записи (путем предоставления логина и пароля) Пользователя на Платформе Администратором.
1.4. «Верификация» — процедура подтверждения статуса Пользователей/Администраторов, получивших доступ к Платформе, путем предоставления запрашиваемых данных для идентификации и подтверждения права использования Платформы.
1.5. «Вводный видеомодуль» — обязательный обучающий контент, размещенный на Платформе.
1.6. «Персональные данные» — любые сведения о Пользователе/Администраторе (фамилия, имя, индивидуальный идентификационный номер, телефонный номер, адреса электронной почты, учетные данные доступа: пароль, логин/псевдоним/имя и т.п.), отнесенные законодательством Республики Казахстан к категории персональных данных ограниченного доступа, включая данные из государственных баз данных.
1.7. «Учетная запись (аккаунт)» — набор данных, необходимых для идентификации Пользователя/Администратора в целях предоставления ему доступа.
1.8. «Платформа» — объект интеллектуальной собственности ai.bilimclass.kz.
1.1. «Пайдаланушы» — қызметі немесе оқуы білім беру саласымен байланысты, барлық білім беру деңгейлерінің педагог қызметкерлерін, ғылыми қызметкерлерді, әдіскерлерді, әкімшілік персоналды, сондай-ақ оқу, оқыту және зерттеу қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолданатын өзге де тұлғаларды қоса алғанда, білім беру ұйымының немесе Astana Hub-тың қызметкері немесе өкілі болып табылатын, Платформаға қол жеткізген және ЭЕМ бағдарламасында (интернет-ресурста) өз дербес деректерін пайдалануға, тіркеуге, жинауға, сақтауға және өңдеуге, сондай-ақ оларды «BMG UpSkill» ЖШС-нің үшінші тұлғаларға беруіне келісім берген кез келген құқық қабілеттілігі және әрекетке қабілеттілігі бар жеке тұлға.
1.2. «Әкімші (администратор)» — Пайдаланушы қызметін жүзеге асыратын білім беру және/немесе ғылыми ұйымның немесе Astana Hub-тың атынан әрекет ететін, осы Келісімнің 1.1-тармағында көрсетілген Пайдаланушылардың есептік жазбаларын тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті тұлға.
1.3. «Тіркеу» — Әкімші тарапынан Платформада Пайдаланушының есептік жазбасын (логин мен құпиясөзді беру арқылы) жасау.
1.4. «Верификация» — Платформаға қол жеткізген Пайдаланушылардың/Әкімшілердің мәртебесін растау мақсатында сәйкестендіру және Платформаны пайдалану құқығын растау үшін сұратылатын деректерді ұсыну рәсімі.
1.5. «Кіріспе бейнемодуль» — Платформада орналастырылған міндетті оқыту контенті.
1.6. «Дербес деректер» — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректер санатына жатқызылған Пайдаланушы/Әкімші туралы кез келген мәліметтер (тегі, аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайлары, қол жеткізу деректері: құпиясөз, логин/бүркеншік ат/аты және т.б.), оның ішінде мемлекеттік деректер базаларынан алынған деректер.
1.7. «Есептік жазба (аккаунт)» — Пайдаланушыны/Әкімшіні сәйкестендіру және Платформаны қолдануға рұқсат беру үшін қажетті деректер жиынтығы.
1.8. «Платформа» — ai.bilimclass.kz зияткерлік меншік объектісі.
2.1. Правообладателем и собственником Платформы является ТОО «BMG UpSkill» (далее — «Оператор»).
2.2. Настоящее Соглашение является публичным предложением (офертой) (далее — Соглашение или Оферта) Оператором Пользователям/Администраторам согласно пункту 5 статьи 395 Гражданского Кодекса РК заключить Соглашение на нижеуказанных условиях. Оферта считается направленной с момента ее публикации на Платформе.
2.3. Соглашение вступает в силу с момента выражения Пользователем/Администратором акцепта (согласия) с его условиями путем принятия условий Соглашения в порядке предусмотренном настоящим Соглашением, что по смыслу пункта 3 статьи 396 Гражданского Кодекса РК является акцептом оферты Оператора.
2.4. При авторизации и/или использовании Платформы Пользователи/Администраторы подтверждают ознакомление и безоговорочный акцепт (согласие) с формой согласия на обработку персональных данных и(или) с договором присоединения организации (администратора) к условиям использования ai.bilimclass.kz, чем принимают условия настоящего Соглашения и подтверждают свои обязательства по его соблюдению, а также по соблюдению иных документов Оператора, регулирующих обработку и использование персональных данных на Платформе.
Под «использованием Платформы» понимается доступ к ее функционалу и выполнение действий, предусмотренных интерфейсом и функционалом, а также любые иные действия, связанные с эксплуатацией Платформы.
2.5. Акцепт является полным, безоговорочным и безусловным, условия Соглашения могут быть приняты только в полном объеме, без всяких оговорок, ограничений и исключений.
2.6. Положения Соглашения действуют до момента его расторжения.
Для расторжения настоящего Соглашения Пользователи/Администраторы направляют письменное заявление Оператору в произвольной форме. Оператор рассматривает данное заявление в течение 30 календарных дней. В случае отсутствия претензий со стороны Оператора по истечении данного срока, настоящее Соглашение считается расторгнутым при направлении Пользователю и/или Администратору официального согласия на расторжение.
2.7. Не допускается использование Платформы следующим лицам:
2.8. Платформа предназначена для прохождения Пользователями обучающего вводного модуля и последующего предоставления им учетных данных для доступа к http://chatgpt.com при условии соблюдения требований, установленных в разделе 4 настоящего Соглашения.
2.1. Платформаның құқық иеленушісі және меншік иесі «BMG UpSkill» ЖШС (бұдан әрі — «Оператор») болып табылады.
2.2. Осы Келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес Оператордың Пайдаланушыларға/Әкімшілерге төменде көрсетілген талаптармен Келісім жасасу туралы жария ұсынысы (офертасы) болып табылады (бұдан әрі — Келісім немесе Оферта). Оферта Платформада жарияланған сәттен бастап жіберілген болып есептеледі.
2.3. Келісім Пайдаланушының/Әкімшінің осы Келісімде көзделген тәртіппен оның талаптарын қабылдау арқылы акцепт (келісім) білдірген сәттен бастап күшіне енеді, бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес Оператордың офертасын акцепттеу болып табылады.
2.4. Платформаға кіру және/немесе оны пайдалану кезінде Пайдаланушылар/Әкімшілер дербес деректерді өңдеуге келісім нысанымен танысқанын және/немесе ұйымның (әкімшінің) ai.bilimclass.kz пайдалану шарттарына қосылуы туралы келісімді оқып, оны сөзсіз қабылдағанын растайды, осылайша осы Келісімнің талаптарын қабылдайды және оны, сондай-ақ Оператордың Платформада дербес деректерді өңдеу мен пайдалануды реттейтін өзге құжаттарын сақтау жөніндегі міндеттемелерін растайды.
«Платформаны пайдалану» дегеніміз — оның функционалына қол жеткізу, интерфейс пен функционалмен көзделген әрекеттерді орындау, сондай-ақ Платформаны пайдалануға байланысты кез келген өзге әрекеттер.
2.5. Акцепт толық, сөзсіз және шартсыз болып табылады, Келісім талаптары тек толық көлемде, ешқандай ескертусіз, шектеусіз және алып тастаусыз қабылданады.
2.6. Келісімнің ережелері ол бұзылған сәтке дейін қолданылады.
Осы Келісімді бұзу үшін Пайдаланушылар/Әкімшілер Операторға еркін нысанда жазбаша өтініш жолдайды. Оператор бұл өтінішті 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Осы мерзім өткен соң Оператор тарапынан талаптар болмаған жағдайда, Пайдаланушыға және/немесе Әкімшіге бұзу туралы ресми келісім жіберілгеннен кейін Келісім бұзылған болып есептеледі.
2.7. Платформаны келесі тұлғаларға пайдалануға жол берілмейді:
2.8. Платформа Пайдаланушылардың кіріспе оқыту модулінен өтуіне және осы Келісімнің 4-бөлімінде белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда http://chatgpt.com жүйесіне қол жеткізу үшін есептік деректерді ұсынуға арналған.
3.1. Оператор предоставляет уполномоченному представителю образовательной организации либо Astana Hub роль Администратора на Платформе на условиях настоящего Соглашения.
3.2. Администратор осуществляет создание учетных записей Пользователей на Платформе.
3.3. Использование Платформы Пользователями, авторизованными на сайте bilimclass.kz, осуществляется без прохождения отдельной регистрации на Платформе. При этом на таких Пользователей распространяются требования, установленные разделом 2 настоящего Соглашения.
3.4. Оператор вправе запрашивать дополнительные сведения и документы, необходимые для подтверждения статуса Пользователя и достоверности предоставленных данных.
3.5. Администратор и Пользователь несут ответственность за полноту, актуальность и достоверность предоставляемых ими сведений.
3.1. Оператор білім беру ұйымының немесе Astana Hub-тың уәкілетті өкіліне осы Келісім талаптарында Платформада Әкімші рөлін береді.
3.2. Әкімші Платформада Пайдаланушылардың есептік жазбаларын жасайды.
3.3. bilimclass.kz сайтында авторизацияланған Пайдаланушылар Платформада бөлек тіркеуден өтпей пайдалана алады. Бұл ретте оларға осы Келісімнің 2-бөліміндегі талаптар қолданылады.
3.4. Оператор Пайдаланушы мәртебесін және ұсынылған деректердің дұрыстығын растау үшін қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы.
3.5. Әкімші мен Пайдаланушы ұсынылған мәліметтердің толықтығы, өзектілігі және дұрыстығы үшін жауап береді.
4.1. После регистрации и успешной верификации Пользователь получает доступ к вводному видеомодулю.
4.2. По завершении прохождения вводного видеомодуля и при выполнении условий, предусмотренных в п. 4.3. Пользователям предоставляются учетные данные для доступа к информационной системе http://chatgpt.com.
4.3. На Платформе устанавливается ограниченное количество лицензий, каждая из которых предоставляет право одному Пользователю на получение учетных данных и доступ к http://chatgpt.com. Каждая лицензия соответствует праву доступа одного Пользователя.
В случае исчерпания всех лицензий предоставление учетных данных осуществляется только при наличии свободных лицензий. Оператор не гарантирует получение доступа каждому Пользователю и не несет ответственности за невозможность предоставления доступа в связи с исчерпанием установленного количества лицензий.
4.1. Тіркеу және сәтті верификациядан кейін Пайдаланушы кіріспе бейнемодульге қол жеткізеді.
4.2. Кіріспе бейнемодульді аяқтағаннан кейін және 4.3-тармақта көзделген талаптарды орындаған жағдайда Пайдаланушыларға http://chatgpt.com ақпараттық жүйесіне қол жеткізу үшін есептік деректер беріледі.
4.3. Платформада шектеулі лицензиялар саны белгіленеді, олардың әрқайсысы бір Пайдаланушыға есептік деректерді алу және http://chatgpt.com жүйесіне қол жеткізу құқығын береді.
Барлық лицензиялар пайдаланылған жағдайда есептік деректер тек бос лицензиялар болған кезде ғана беріледі. Оператор әрбір Пайдаланушыға қолжетімділікке кепілдік бермейді және белгіленген лицензиялар санының таусылуына байланысты қолжетімділікті қамтамасыз ете алмағаны үшін жауапты емес.
5.1. Пользователь и Администратор имеют право:
5.1.1. Прекратить использование Учетной записи и расторгнуть настоящее Соглашение в порядке, предусмотренном настоящим Соглашением;
5.1.2. Менять логин/псевдоним и пароль для доступа к Учетной записи (при наличии функциональной возможности);
5.1.3. Пользоваться Платформой с соблюдением условий настоящего Соглашения, а также норм законодательства Республики Казахстан;
5.1.4. Требовать от Оператора изменения и дополнения своих персональных данных при наличии оснований, подтвержденных соответствующими документами;
5.1.5. Осуществлять иные права, не запрещенные законодательством Республики Казахстан.
5.2. Пользователь и Администратор обязуются:
5.2.1. Для регистрации предоставить достоверные данные о себе согласно форме регистрации. Любые сомнения Оператора о недостоверности информации, предоставленной Пользователями/Администраторами, влекут временную блокировку и/или удаление Учетной записи Пользователей/Администраторов;
5.2.2. Сохранить в тайне уникальный логин и пароль, используемые для доступа в Учетную запись. Логин и пароль, являются конфиденциальной информацией и не подлежат разглашению, за исключением случаев, предусмотренных действующим законодательством и/или Соглашением. Любые риски, связанные с утерей Пользователями/Администраторами пароля и логина собственной Учетной записи Пользователи/Администраторы несут самостоятельно;
5.2.3. Периодически знакомиться на Платформе с содержанием настоящего Соглашения в целях ознакомления с изменениями, внесенными согласно п. 5.3.1. Соглашения;
5.2.4. Не нарушать права интеллектуальной собственности Оператора и/или иных третьих лиц на Платформе, и/или каких-либо ее элементов;
5.2.5. Самостоятельно предпринимать должные меры, обеспечивающие безопасность логина и пароля, используемых для доступа в Учетную запись, и предотвращающие несанкционированный доступ к нему третьих лиц;
5.2.6. Уведомлять Оператора обо всех случаях совершения на Платформе в отношении Пользователя/Администратора действий, которые могут быть расценены как оскорбительные, унижающие, дискредитирующие и т.п.;
5.2.7. При использовании Платформы строго придерживаться этических и моральных норм, принятых в обществе, требований законодательства Республики Казахстан;
5.2.8. Соблюдать иные требования и выполнять иные обязательства, предусмотренные Соглашением и/или размещенные на страницах Платформы;
5.2.9. По запросу Оператора предоставлять документальные подтверждения соответствия критериям «Пользователя», установленным настоящим Соглашением.
5.3. Оператор имеет право:
5.3.1. По своему усмотрению в любое время изменять, редактировать, добавлять, дополнять, исключать или удалять любые положения (целиком либо частично) в настоящем Соглашении. При этом, новая редакция Соглашения вступает в силу с момента ее опубликования на Платформе;
5.3.2. В любое время без объяснения причин заблокировать и/или удалить Учетную запись Пользователя/Администратора;
5.3.3. Направлять Пользователям/Администраторам информационные сообщения;
5.3.4. В любое время изменять оформление и пользовательский интерфейс Платформы;
5.3.5. По собственному усмотрению удалять без каких-либо причин и без предупреждения любой материал и/или функцию Платформы;
5.3.6. По собственному усмотрению удалять любую информацию, размещаемую Пользователем/Администратором на Платформе в нарушение законодательства;
5.3.7. Предпринимать любые иные, не запрещенные законодательством Республики Казахстан меры.
5.4. Оператор обязуется:
5.4.1. На условиях, изложенных в Соглашении, предоставить Пользователям/Администраторам техническую возможность пользоваться Платформой;
5.4.2. Выполнять требования законодательства Республики Казахстан.
5.1. Пайдаланушы мен Әкімші құқылы:
5.1.1. Есептік жазбаны пайдалануды тоқтатуға және осы Келісімде көзделген тәртіппен осы Келісімді бұзуға;
5.1.2. Есептік жазбаға қол жеткізу үшін логинді/бүркеншік атты және құпиясөзді өзгертуге (тиісті функционал болған жағдайда);
5.1.3. Осы Келісімнің талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын сақтай отырып Платформаны пайдалануға;
5.1.4. Тиісті құжаттармен расталған негіздер болған жағдайда Оператордан өздерінің дербес деректерін өзгерту мен толықтыруды талап етуге;
5.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
5.2. Пайдаланушы мен Әкімші міндеттері:
5.2.1. Тіркеу үшін тіркеу нысанына сәйкес өзі туралы шынайы деректерді ұсынуға. Пайдаланушылар/Әкімшілер ұсынған ақпараттың дұрыстығына қатысты Операторда кез келген күмән туындаған жағдайда Пайдаланушылардың/Әкімшілердің есептік жазбасын уақытша бұғаттауға және/немесе жоюға әкеледі;
5.2.2. Есептік жазбаға қол жеткізу үшін пайдаланылатын бірегей логин мен құпиясөзді құпия сақтауға. Логин мен құпиясөз құпия ақпарат болып табылады және қолданыстағы заңнамада және/немесе осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда жария етуге жатпайды;
5.2.3. Осы Келісімнің 5.3.1-тармағына сәйкес енгізілген өзгерістермен танысу мақсатында Платформада осы Келісімнің мазмұнымен мерзімді түрде танысып отыруға;
5.2.4. Платформада Оператордың және/немесе өзге үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзбауға;
5.2.5. Есептік жазбаға қол жеткізу үшін пайдаланылатын логин мен құпиясөздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті шараларды дербес қабылдауға;
5.2.6. Платформада Пайдаланушыға/Әкімшіге қатысты қорлайтын, кемсітетін, беделін түсіретін және т.б. ретінде бағалануы мүмкін әрекеттер жасалған барлық жағдайлар туралы Операторды хабардар етуге;
5.2.7. Платформаны пайдалану кезінде қоғамда қабылданған этикалық және моральдық нормаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға;
5.2.8. Осы Келісімде көзделген және/немесе Платформа беттерінде орналастырылған өзге де талаптарды сақтауға және міндеттемелерді орындауға;
5.2.9. Оператордың сұрауы бойынша осы Келісімде белгіленген «Пайдаланушы» критерийлеріне сәйкестігін құжаттық түрде растауға.
5.3. Оператор құқылы:
5.3.1. Өз қалауы бойынша кез келген уақытта осы Келісімнің кез келген ережелерін (толығымен немесе ішінара) өзгертуге, редакциялауға, қосуға, толықтыруға, алып тастауға немесе жоюға. Бұл ретте Келісімнің жаңа редакциясы Платформада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді;
5.3.2. Кез келген уақытта себептерін түсіндірмей, Пайдаланушының/Әкімшінің есептік жазбасын бұғаттауға және/немесе жоюға;
5.3.3. Пайдаланушыларға/Әкімшілерге ақпараттық хабарламалар жіберуге;
5.3.4. Кез келген уақытта Платформаның дизайнын және пайдаланушы интерфейсін өзгертуге;
5.3.5. Өз қалауы бойынша қандай да бір себепсіз және ескертусіз кез келген материалды және/немесе Платформаның кез келген функциясын жоюға;
5.3.6. Өз қалауы бойынша заңнаманы бұза отырып Платформада орналастырылған кез келген ақпаратты жоюға;
5.3.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де шараларды қабылдауға.
5.4. Оператор міндетті:
5.4.1. Осы Келісімде көзделген талаптарға сәйкес Пайдаланушыларға/Әкімшілерге Платформаны пайдалануға техникалық мүмкіндік беруге;
5.4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтауға.
6.1. Администратор вправе путем направления письменного обращения Оператору:
6.2. Администратор обязуется по запросу Оператора предоставить документальные подтверждения соответствия своего Пользователя критериям «Пользователя», установленным настоящим Соглашением.
6.3. Пользователь и/или Администратор подтверждают, гарантируют и соглашаются, что:
6.3.1. Использование Платформы Пользователем/Администратором после внесения Оператором каких-либо изменений в текст настоящего Соглашения означает согласие Пользователя/Администратора с внесенными изменениями;
6.3.2. Все сообщения Пользователя/Администратора на Платформе отражают исключительно его мнение. Мнение Оператора может не совпадать с мнением Пользователя/Администратора;
6.3.3. Осознает и понимает порядок сбора, обработки, хранения и передачи третьей стороне его персональных данных;
6.3.4. Не будет передавать логин и пароль к Учетной записи иным третьим лицам;
6.3.5. Не будет осуществлять действия мошеннического характера;
6.3.6. Если Пользователь не достиг 18 лет, то он может использовать Платформу лишь с разрешения и под присмотром родителей или официальных опекунов, попечителей;
6.3.7. За нарушения положений настоящего Соглашения Пользователь/Администратор несет персональную ответственность, в том числе перед третьими лицами.
6.4. Пользователю и/или Администратору запрещается:
6.4.1. Осуществлять пропаганду или агитацию, возбуждающую социальную, расовую, национальную или религиозную ненависть и вражду;
6.4.2. Размещать на Платформе информацию ограниченного доступа (конфиденциальную информацию) третьих лиц;
6.4.3. Размещать, воспроизводить, перерабатывать, распространять материалы, являющиеся объектом авторских и иных исключительных прав, без предварительного разрешения Оператора;
6.4.4. Размещать на Платформе сообщения, комментарии, графические изображения или другие материалы, содержание которых наносит или может нанести ущерб чести, достоинству и деловой репутации физических и юридических лиц;
6.4.5. Размещать на Платформе материалы порнографического характера;
6.4.6. Указывать при прохождении процедуры регистрации заведомо ложную или вымышленную информацию о себе;
6.4.7. Осуществлять действия, направленные на дестабилизацию функционирования Платформы;
6.4.8. Осуществлять несанкционированный доступ к Учетным записям других Пользователей/Администраторов;
6.4.9. Осуществлять рассылку спама;
6.4.10. Осуществлять любую иную деятельность, которая противоречит политике Платформы, а также законодательству РК.
6.5. Пользователь и/или Администратор дает безусловное согласие на:
6.5.1. Предоставление Оператором уполномоченным органам и третьим лицам информации, связанной с его действиями на страницах Платформы исключительно в случаях, предусмотренных действующим законодательством;
6.5.2. Сбор, обработку его персональных данных, предоставленных на Платформе при регистрации, и их распространение (передача третьим лицам).
6.1. Әкімші Операторға жазбаша өтініш жолдау арқылы:
6.2. Әкімші Оператордың сұрауы бойынша өзінің Пайдаланушысының осы Келісімде белгіленген «Пайдаланушы» критерийлеріне сәйкестігін құжаттық түрде растауға міндетті.
6.3. Пайдаланушы және/немесе Әкімші мыналарды растайды, кепілдік береді және келіседі:
6.3.1. Оператор осы Келісімнің мәтініне өзгерістер енгізгеннен кейін Пайдаланушының/Әкімшінің Платформаны пайдалануы Пайдаланушының/Әкімшінің енгізілген өзгерістермен келісетінін білдіреді;
6.3.2. Платформадағы барлық хабарламалар Пайдаланушының/Әкімшінің жеке пікірін білдіреді. Оператордың пікірі Пайдаланушының/Әкімшінің пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін;
6.3.3. Өзінің дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау және үшінші тұлғаларға беру тәртібін түсінеді;
6.3.4. Есептік жазбаның логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға бермейді;
6.3.5. Алаяқтық сипаттағы әрекеттер жасамайды;
6.3.6. Егер Пайдаланушы 18 жасқа толмаған болса, Платформаны тек ата-анасының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен және бақылауымен пайдалана алады;
6.3.7. Пайдаланушы/Әкімші осы Келісімнің ережелерін бұзғаны үшін, соның ішінде үшінші тұлғалар алдында жеке жауапкершілік көтереді.
6.4. Пайдаланушыға және/немесе Әкімшіге тыйым салынады:
6.4.1. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен араздықты қоздыратын насихат немесе үгіт жүргізуге;
6.4.2. Платформада үшінші тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі ақпаратын (құпия ақпаратты) орналастыруға;
6.4.3. Оператордың алдын ала рұқсатынсыз авторлық және өзге де айрықша құқықтардың объектісі болып табылатын материалдарды орналастыруға, қайта шығаруға, өңдеуге, таратуға;
6.4.4. Платформада жеке және заңды тұлғалардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін хабарламаларды, пікірлерді, графикалық бейнелерді немесе басқа материалдарды орналастыруға;
6.4.5. Платформада порнографиялық сипаттағы материалдарды орналастыруға;
6.4.6. Есептік жазбаны тіркеу кезінде өзі туралы жалған немесе ойдан шығарылған ақпаратты көрсетуге;
6.4.7. Платформаның жұмысын тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға;
6.4.8. Басқа Пайдаланушылардың/Әкімшілердің есептік жазбаларына рұқсатсыз қол жеткізуді жүзеге асыруға;
6.4.9. Спам жіберуді жүзеге асыруға;
6.4.10. Платформа саясатына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін кез келген өзге қызметті жүзеге асыруға.
6.5. Пайдаланушы және/немесе Әкімші сөзсіз келісім береді:
6.5.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда Оператордың уәкілетті органдарға және үшінші тұлғаларға Платформадағы әрекеттеріне байланысты ақпаратты ұсынуына;
6.5.2. Платформада тіркеу кезінде ұсынылған өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және оларды таратуға (үшінші тұлғаларға беруге).
7.1. Пользователь/Администратор, осуществляя регистрацию на Платформе установленным Оператором способом, предоставляет Оператору согласие без каких-либо оговорок на сбор, обработку, хранение, использование и распространение любым способом предоставляемых персональных данных, включая персональные данные третьих лиц, в т.ч. несовершеннолетних детей/ребенка Пользователя/Администратора.
7.2. Для законных представителей (родителей): Пользователь/Администратор, осуществляя регистрацию на Платформе, подтверждает, что является правоспособным и дееспособным законным представителем (родителем) в отношении соответствующего несовершеннолетнего лица.
7.3. Пользователь/Администратор, осуществляя регистрацию на Платформе, предоставляет несовершеннолетнему лицу Пользователя/Администратора согласие без каких-либо оговорок совершать любые действия, в том числе предоставлять согласие на сбор, обработку, хранение, использование и распространение любым способом третьим лицам предоставляемых персональных данных.
7.4. Целью сбора, обработки, хранения и распространения персональных данных Пользователя/Администратора является обеспечение реализации отношений в сфере удовлетворения потребностей Пользователя/Администратора в услугах и информации Платформы.
7.5. Категории собираемых, хранящихся, обрабатываемых и распространяемых персональных данных:
7.6. Персональные данные хранятся в течение всего срока действия настоящего Соглашения, срока эксплуатации Платформы и наличия действующей/активной регистрации Пользователя/Администратора на Платформе.
7.7. Оператор принимает необходимые правовые, организационные, технические меры для защиты персональных данных Пользователя/Администратора от неправомерного или случайного доступа, уничтожения, изменения, блокирования, копирования, распространения, а также от иных неправомерных действий с персональными данными.
7.8. Пользователь/Администратор, подтвердив согласие с настоящим Соглашением, тем самым выражает свое согласие и предоставляет разрешение на сбор, обработку, хранение, распространение третьим лицам и передачу своих персональных данных и данных третьих лиц, которые он уполномочен представлять.
7.9. Оператор имеет право по своему усмотрению использовать любые статистические и аналитические сведения по вопросам обрабатываемых процессов и сведений, в том числе построенные на основе персональных данных, любым способом, при условии их полного обезличивания и анонимизации.
7.1. Пайдаланушы/Әкімші Оператор белгілеген тәртіппен Платформада тіркелуді жүзеге асыра отырып, Операторға қандай да бір ескертулерсіз өзі ұсынатын дербес деректерді, оның ішінде үшінші тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ Пайдаланушының/Әкімшінің кәмелетке толмаған баласының/балаларының дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға және кез келген тәсілмен таратуға (үшінші тұлғаларға беруге) келісім береді.
7.2. Заңды өкілдер (ата-аналар) үшін: Пайдаланушы/Әкімші Платформада тіркелуді жүзеге асыра отырып, тиісті кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты заңды өкіл (ата-ана, қамқоршы, қорғаншы) болып табылатынын, оның құқық қабілеттілігі және әрекетке қабілеттілігі бар екенін растайды.
7.3. Пайдаланушы/Әкімші Оператор белгілеген тәртіппен Платформада тіркелу арқылы кәмелетке толмаған Пайдаланушыға/Әкімшіге кез келген әрекеттерді жасауға, соның ішінде осы кәмелетке толмаған Пайдаланушыға/Әкімшіге қатысты берілген жеке деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға және кез келген тәсілмен үшінші тараптарға таратуға келісім беруге ешқандай ескертусіз келісім береді.
7.4. Пайдаланушының/Әкімшінің дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау және тарату мақсаты — Платформа арқылы көрсетілетін қызметтер мен ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Пайдаланушының/Әкімшінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қатынастарды іске асыру болып табылады.
7.5. Жиналатын, сақталатын, өңделетін және таратылатын дербес деректердің санаттары:
7.6. Дербес деректер осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде, Платформаның пайдаланылу мерзімі ішінде және Пайдаланушының/Әкімшінің Платформада қолданыстағы/белсенді тіркеуі (есептік жазбасы) әрекет ететін кезең ішінде сақталады.
7.7. Оператор Пайдаланушының/Әкімшінің дербес деректерін заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
7.8. Пайдаланушы/Әкімші осы Келісіммен келісімін растау арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Келісімде белгіленген тәртіппен өзінің дербес деректерін, сондай-ақ өзі өкілеттік берілген үшінші тұлғалардың деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, үшінші тұлғаларға таратуға және беруге келісімін білдіреді.
7.9. Оператор өз қалауы бойынша өңделетін процестер мен мәліметтерге қатысты кез келген статистикалық және талдамалық ақпаратты, оның ішінде дербес деректер негізінде қалыптастырылған мәліметтерді толық иесіздендіру (анонимдеу) шартымен кез келген тәсілмен пайдалануға құқылы.
8.1. Пользователь/Администратор самостоятельно несет ответственность перед третьими лицами за свои действия, связанные с использованием Учетной записи, размещением комментариев/сообщений на Платформе и иных сервисах, в том числе, если такие действия приведут к нарушению прав и законных интересов третьих лиц либо Пользователя/Администратора, а также законодательства Республики Казахстан.
8.2. Пользователь/Администратор обязан принимать надлежащие меры для обеспечения сохранности своей Учетной записи, и несет ответственность за все действия, совершенные в Платформы.
8.3. В случае доказанного факта незаконного распространения цифровых образовательных ресурсов Оператора Пользователь/Администратора обязан уплатить Оператору безусловный штраф в размере не менее 100 (ста) месячных расчетных показателей.
8.4. Оператор не несет ответственности перед Пользователем/Администратором или любыми третьими лицами за любые прямые и/или косвенные убытки, включая упущенную выгоду или потерянные данные, вред чести, достоинству или деловой репутации, понесенные в связи с использованием Учетной записи.
8.5. Оператор оставляет за собой право осуществлять пред- или постмодерацию комментариев/сообщений, размещаемых Пользователями/Администраторами по результатам которой может принять решение об их удалении.
8.6. Оператор не обязан предоставлять Пользователю/Администратору какие-либо доказательства, документы и прочее, свидетельствующие о нарушении Пользователем/Администратором условий Соглашения.
8.7. Оператор не несет ответственности перед Пользователем/Администратором за технические неполадки в работе Платформы.
8.8. Платформа предоставляется в текущем функциональном состоянии, без гарантий бесперебойной работы, отсутствия ошибок или полного соответствия индивидуальным ожиданиям Пользователя/Администратора.
8.9. Оператор не несет ответственности за временные сбои в работе Платформы, а также за содержание и работу сторонних ресурсов, включая bilimclass.kz, chatgpt.com.
8.1. Пайдаланушы/Әкімші өз есептік жазбасын пайдалануымен, Платформада және өзге сервистерде пікірлерді/хабарламаларды орналастыруымен байланысты әрекеттері үшін үшінші тұлғалар алдында дербес жауапкершілік көтереді, оның ішінде мұндай әрекеттер үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына әкелген жағдайда.
8.2. Пайдаланушы/Әкімші өзінің есептік жазбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауға міндетті және Платформада жасалған барлық әрекеттер үшін жауап береді.
8.3. Оператордың цифрлық білім беру ресурстарын заңсыз тарату фактісі дәлелденген жағдайда, Пайдаланушы/Әкімші Операторға кемінде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шартсыз айыппұл төлеуге міндетті.
8.4. Оператор Пайдаланушы/Әкімшіге немесе кез келген үшінші тұлғаларға есептік жазбаны пайдалану нәтижесінде туындаған кез келген тікелей және/немесе жанама шығындар үшін, оның ішінде жіберіп алынған пайда, деректердің жоғалуы, ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге келтірілген зиян үшін жауап бермейді.
8.5. Оператор Пайдаланушылар/Әкімшілер орналастыратын пікірлер мен хабарламаларды алдын ала немесе кейінгі модерациядан өткізуге және оның нәтижелері бойынша оларды жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
8.6. Оператор Пайдаланушыға/Әкімшіге оның Келісім талаптарын бұзуы салдарынан қол жеткізуден бас тарту себептерін растайтын дәлелдемелерді, құжаттарды ұсынуға міндетті емес.
8.7. Оператор Платформаның жұмысындағы техникалық ақаулар үшін Пайдаланушының/Әкімшінің алдында жауап бермейді.
8.8. Платформа ағымдағы функционалдық күйінде ұсынылады, үздіксіз жұмыс істеуіне, қателердің болмауына немесе Пайдаланушының/Әкімшінің жеке күтулеріне толық сәйкестігіне кепілдік берілмейді.
8.9. Оператор Платформаның уақытша істен шығуына үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың ресурстарының, оның ішінде bilimclass.kz, chatgpt.com мазмұны мен жұмысы үшін жауап бермейді.
9.1. Споры и разногласия, которые могут возникнуть при исполнении настоящего Соглашения, решаются путем переговоров между сторонами.
9.2. В случае невозможности разрешения споров путем переговоров все споры, разногласия или требования, возникающие из настоящего Соглашения либо в связи с ним, в том числе касающиеся его нарушения, прекращения или недействительности подлежат окончательному урегулированию в Специализированном межрайонном экономическом суде г. Астана.
9.1. Осы Келісімді орындау барысында туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
9.2. Дауларды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, осы Келісімнен туындайтын немесе онымен байланысты барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар, оның ішінде оны бұзу, тоқтату немесе жарамсыз деп тану мәселелері Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында түпкілікті шешіледі.
10.1. Настоящее Соглашение вступает в силу с момента выражения Пользователем/Администратором согласия с его условиями (акцепт) путем принятия условий Соглашения в диалоговом окне на Платформе и действует неопределенный срок.
10.2. Оператор вправе в любое время без уведомления Пользователя/Администратора и без объяснения причин прекратить Соглашение в одностороннем внесудебном порядке с немедленным прекращением доступа и возможности использовать Учетную запись и без возмещения каких-либо затрат, убытков в случае любого, в том числе однократного, нарушения Пользователем/Администратором условий Соглашения и/или требований действующего законодательства Республики Казахстан.
10.3. Оператор вправе в любое время без уведомления Пользователя/Администратора и без объяснения причин приостановить доступ и возможность использовать Платформу без возмещения каких-либо затрат, убытков или возврата полученного по Соглашению, в случае однократного или систематического нарушения Пользователем/Администратором условий Соглашения и/или требований действующего законодательства Республики Казахстан. Сроки возобновления предоставления доступа определяются Оператором самостоятельно.
10.1. Осы Келісім Пайдаланушының/Әкімшінің Платформадағы диалогтық терезеде Келісім талаптарын қабылдау арқылы келісімін (акцептін) білдірген сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
10.2. Оператор Пайдаланушыны/Әкімшіні алдын ала хабардар етпей және себептерін түсіндірмей, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын және/немесе осы Келісімнің талаптарын кез келген, оның ішінде бір реттік, бұзған жағдайда, өз қалауы бойынша осы Келісімді біржақты соттан тыс тәртіппен тоқтатуға, сондай-ақ есептік жазбаны пайдалануға және Платформаға қол жеткізу мүмкіндігін дереу тоқтатуға құқылы, бұл ретте қандай да бір шығындарды немесе залалдарды өтеу міндеттемесі туындамайды.
10.3. Оператор Пайдаланушыны/Әкімшіні алдын ала хабардар етпей және себептерін түсіндірмей, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын және/немесе осы Келісімнің талаптарын бір рет немесе жүйелі түрде бұзған жағдайда, өз қалауы бойынша Платформаға қол жеткізуді және оны пайдалану мүмкіндігін уақытша тоқтата тұруға құқылы. Қолжетімділікті қалпына келтіру мерзімдерін Оператор дербес айқындайды.
11.1. Настоящее Соглашение представляет собой гражданско-правовой договор между Пользователем/Администратором и Оператором относительно порядка использования возможности использования Платформы и заменяет собой все предыдущие соглашения между Пользователем/Администратором и Оператором, при их наличии.
11.2. Настоящее Соглашение регулируется и толкуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
11.3. Если по тем или иным причинам одно или несколько положений настоящего Соглашения будут признаны недействительными или не имеющими юридической силы, это не оказывает влияния на действительность или применимость остальных положений Соглашения.
11.4. Бездействие со стороны Оператора, в случае нарушения Пользователем/Администратором положений Соглашений, не лишает Оператора права предпринять соответствующие действия в защиту своих интересов позднее, а также не означает отказа Оператора от своих прав в случае совершения в последующем подобных либо сходных нарушений.
11.5. Местом заключения Соглашения является место нахождения ТОО «BMG UpSkill».
11.1. Осы Келісім Пайдаланушы/Әкімші мен Оператор арасындағы Платформаны пайдалану тәртібіне қатысты толық азаматтық-құқықтық шарт болып табылады және олардың арасындағы бұрын жасалған барлық келісімдерді алмастырады (егер олар болған жағдайда).
11.2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.
11.3. Осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері қандай да бір себептермен жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылған жағдайда, бұл қалған ережелердің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
11.4. Оператор тарапынан Пайдаланушы/Әкімші осы Келісімнің ережелерін бұзған жағдайда әрекетсіздік таныту Оператордың өз құқықтарын кейіннен қорғау мүмкіндігінен айырмайды, сондай-ақ кейіннен ұқсас немесе сол сипаттағы бұзушылықтар орын алған жағдайда өз құқықтарынан бас тарту ретінде қарастырылмайды.
11.5. Осы Келісім жасалған жер — «BMG UpSkill» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орналасқан жері.